Коронавирус белгілері анықталған адамдар үшін мобильді топ қызметі тегін көрсетіледі
Бұл – аурудың асқынуына жол бермеу үшін қолға алынған шара. Одан бөлек жедел топтың қызметіне созылмалы ауруы бар науқастар, жүкті әйелдер мен балалар жүгіне алады.
Тағы атап өту керек, қызмет құны 5400 теңге болады. Бірақ ол қаражатты қалтаңыздан төлемейсіз. Мемлекет қажетті соманы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан аударып отырады.