Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті
Бұл өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 13,7% көп, деп хабарлады finprom.kz. Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, аталған кезеңдегі инфляция деңгейі 7% құрады. Азық-түлік себетіне 18,7 мың теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 55%), азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 15,3 мың теңгеден (45%) келеді.
Әдеттегідей ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында 39,9 мың теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 36,9 мың теңге болған. Жылдық өсім 8,2% құрады, бұл – ел аймақтарының ішіндегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.
Екінші қатарда елорда тұр. Нұр-Сұлтандағы ең төменгі күнкөріс құны 39,5 мың теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,2% көп.
Үштікті Алматы аяқтайды, онда ең төменгі өмір сүру құны 37,3 мың теңгені құрады (бір жылда +14,6%). Бір жыл ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Сонымен ет және балық өнімдері үлесінің өсуі байқалды, 19,5%-тен 19,7% дейін. Жемістер мен көкөністердің үлесі 12% дейін көбейді. Сонымен қатар сүт, май өнімдері мен жұмыртқаның үлесі 14,4%, қант, шай және дәмдеуіштер 1,7% дейін төмендеді.