Елордада бір аптада карантин талаптарын бұзудың 60 дерегі анықталды
Елордадағы демалыс орындарында тұрғындар көп жиналуы мүмкін. Әрине, адамдардың сыртқа шығуына тыйым жоқ. Дегенмен белгілі талаптар сақталуы тиіс. Қазір шаһарда мамандар түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр. Соның өзінде кей дәмхана мен мейрахана өзгеде көңіл көтеру мекемелері ережеге үнемі бағына бермейді. Бір аптада 60 заңбұзушылық анықталған. Басым бөлігі түнгі уақытта да жұмысын жалғастырған. Олардың қызметін тоқтату не жалғастыру туралы шешімді құзырлы органдар қабылдайды. Рейд барысында рұқсатсыз дәрі сатушылар да ұсталған.
Дастан Қалиев, Алматы аудандық Полиция басқармасының бастығы:
– 27 адам ұсталып, 13 млн теңгенің заты тәркіленді. Тәркіленген дәрілер өкілетті органдарға жіберіледі. Сол жерде шешім қабылдайды.