Қазақстанда 51 медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды
«Коронавирустан көз жұмған медицина қызметкерлерінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Мемлекет басшысы 13 шілдеде көз жұмған медицина қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. 42 медицина қызметкеріне мемлекеттік награда берілді», – деді.
Сондай-ақ індеттен көз жұмған қызметкерлердің отбасына берілетін өтемақы туралы да айтып өтті.
«Өтемақыға келетін болсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сай тиісті механизмдер бар. Ол үшін аймақтық комиссия әрбір жағдайды жеке қарастырады, сырқат пен өлімнің себебін анықтайды. Содан кейін ол Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады. Қазіргі уақытта ДСМ осыған байланысты жұмыстар жүргізуде. Одан кейін ол деректер әлеуметтік төлемдерді беруді ұйымдастыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберіледі», – деді Тимур Сұлтанғазиев.