Қостанай облыстық мешіті ауруханаларға тыныс алу аппараттарын тарту етті
Жалпы көлемі 6 млн теңге жиналып, Ресейден 8 медицина жабдығы сатып алынды. Қайырымды іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен жасалған «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында өтті. Оған аймақ имамдары, қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлер атсалысты. Алғашқы лекпен келген аппараттар Қостанай қалалық провизорлық ауруханасына жеткізілді. «Осындай сауапты іске үлес қосамын дейтін азаматтар қажетті реквизиттерді akmeshit.kz сайтынан және әлеуметтік желілерден таба алады», – дейді имамдар.
Бақытбек Тәжімбет, облыстың бас имамы:
- Бір құрылғы 420 мың теңге тұрады. Сегізін Екатеринбургтен алдырдық. Қалған 10-ын Түркиядан тапсырыс бердік. Қазір жолда. 18-і күні келеді. Шілде айының соңына дейін 51 құрылғы алуды жоспарлап отырмыз.