Хабар телеарнасы

«Jas Otan» белсенділері коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс пакеттерін таратпақ

Algys paketteri

Оның аясында «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс пакеттерін таратады. Елордалық белсенділер бүгінге дейін 9 аурухананың мамандарымен кездесіп, қолдау білдірген. Алдағы уақытта провизорлық орталықтармен қатар жедел жәрдем қызметінде жүргендерге де осындай сый тартылады. Оған қажетті қаржыны демеушілер жинап беріпті.

Бағдәулет Жанділдаев, «Jas Otan» ЖҚ қалалық филиалының төрағасы:

– Республика бойынша барлық аймақта осы акция өткізілуде. Кей өңірлерде қымыз, шұбат сияқты дәрумені мол өнімдер берілсе, Алматы мен Алматы облысында осындай пакеттер таратылып жатыр.