Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасы бірге есептелетін болады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Денсаулық сақтау министрлігі статистика жүргізу тәсілінің ауысуы Қазақстанның коронавируспен ауыру және оның салдарынан қайтыс болу бойынша халықаралық рейтингтегі позициясын төмендететінін ескереді. Сонымен бірге аталмыш тәсіл коронавируспен ауыруға қатысты болжамдарды дұрыс жасауға, қажет ресурстарды (медициналық кадрлар, жатын орындары, медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер) дұрыс жоспарлауға және статистиканың шындыққа сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп жеткізді.
Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі: «Маусым айының үшінші декадасы бойынша салдары белгісіз, яғни лабораториялық түрде анықталмаған вирустық пневмониямен ауыру күрт өскені байқалады. Коронавируспен ауыру және пандемия салдарынан қайтыс болу бойынша статистика екі ақпарат көзіне сүйенеді: лабораториялық расталған COVID-19 және симптомдары коронавирусқа ұқсас анықталмаған вирустық пневмония», – деп түйді.