Карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдетіледі?
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. Қатаң санитарлық және дезинфекциялық режимді, маска тағу, әлеуметтік арақашықтық сақтау ережелерін ұстана отырып, егер инфекцияның репродуктивтік деңгейі бірден төмен болса (R ≤ 1), сонымен қатар апта ішінде ауруханалардағы төсек-орынның толу деңгейі 70% аз болған жағдайда және өлім-жітімнің азаюйы тұрақты болса, мына инфрақұрылым нысандарының қызметіне рұқсат беріледі:
– сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары (уақыттың шектелуімен жұмыс істейтін болады);
– білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, 5 адамнан аспайтын топтардағы үйірмелер;
– кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі мекемелер;
– сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар (алдын ала жазылу бойынша);
– қоғамдық көлік (уақыт және сыйымдылығы шектеледі, кондуктор болуы керек);
– мемлекеттік қызметкерлер мен кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80% қашықтан жұмыс істей береді.