Қазақстанда күніне қанша медициналық маска шығарылады?
Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 677 мың, тігін кәсіпорындары 201 мың дана өндірді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Қоймаларда 6 703 бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.
Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі. Қазіргі кезде бетперде өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперде өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн данаға жетті.
Залалсыздандыру құралдарына келсек, 3 тамызда 56 050 литр залалсыздандыру құралдары шығарылды. Қоймада 343 820 литр бар, ал тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 29 250 литр жөнелтілді.