Түркістанда карантин кезінде той жасаған тұрғындар жауапқа тартылды
Елімізде індет өршіп, карантин талаптарының күшеюіне байланысты рейд жұмыстарының жүгізіліп жатқаны белгілі. Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, адам көп жиналатын бас қосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда.
Десек те, облыс тұрғындары тарапынан әлі де болса бас қосып, той жасау жайттары орын алуда. Мәселен, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд барысында үйінің ауласында туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, қыз ұзату жиынын жасаған тұрғынды анықтады. Дәл осындай жайт Кентау қаласында да орын алды. Жергілікті тұрғын Кентау қаласындағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасағаны анықталды. Тәртіп сақшылары осы екі жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған тұрғындарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша хаттама толтырды.