Карантинге байланысты қызметі әзірге жанданбайтын кәсіпкерлерге 42 500 теңге төлене ме?
«Тыйым салынған қызмет түрлері әлі де бар, сондықтан бұл мәселені талқыладық. Қазір біз өзіміздің ұсыныстар пакетін дайындап жатырмыз. Объектілерді аралап шықтық. Бизнес өкілдері адамдар демалыста отыруға мәжбүр, ал ешқандай кіріс жоқ дегенді айтуда. Бұл негізінен бюджет мүмкіндігіне байланысты. Қалай болғанда да біз өтемақы төленуін және оны ұзатуды сұрайтын боламыз», – деді Эльдар Жұмағазиев.
Сондай-ақ салық, несие және жалға беру құнын төлеуді кейінге қалдыру да қарастырылуда.