Елімізде кәсіп бастауға 1300 грант бөлінді
Ал өткен жылы жеке кәсібін дамыту үшін мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасына жүгінген. Сөйтіп «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша бір ай оқыды. Гранттың қаржысын тиімді игерді.
Перизат Тәтен, кәсіпкер:
- Әрине бәріне көмек беріледі. Бірақ оны алып кету адамның өзіне байланысты деп ойлдаймын. Болашақта тағы да түрлі грантқа қатысамын деген ойдамын.
Жалпы Алматыда «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіп ашуға 1705-тен астам грант бөлінді. Қайтарымсыз гранттың жалпы көлемі – 555 600 теңге. Ал оған қол жеткізу үшін үміткер Жұмыспен қамту орталығына барып, кәсіпкерлік қағидаларын оқытып, үйрететін «Бизнес бастау» немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысып жолдама алуы керек.
Айгүл Табынбаева, Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:
- Бұл гранттар кәсіп бастауға ниеттілерге, жұмыссыз қалған жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға, көпбалалы отбасы мен мүгедектерге беріледі. «Бизнес бастау» бағдарламасы онлайн жүйесінде 21 күн оқытылады. Оқу аяқталған соң сертификат беріледі. Грант қаржысына қол жеткізгендер үш айдың ішінде өз кәсібін ашулары керек.
Жалпы өткен жылы осы бағдарлама бойынша Алматыда 2800-ден астам грант берілді. Кәсіп ашуға ұмтылғандар негізінен қызмет көрсету, ас әзірлеп, тамақтандыру және тігіншілік саласын таңдаған. Биыл грант алғандардың жартысынан астамы жұмысын табысты жүргізіп жатыр.
Авторлары: Алмас Садуақас, Айдар Әбдешев, Нұрдәулет Жақсыбаев