Junior Eurovision байқауы ұлттық іріктеуінің қазылар алқасы белгілі болды
Бұл шараны «Хабар» Агенттігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырып жатыр. Байқаудың финалы 29 қарашада Варшавада өтеді. Junior Eurovision-нің қазылар алқасына белгілі композитор, продюсер, Eurovision Song Contest ән байқауындағы Әзербайжан делегациясының жетекшісі Иса Меликов те арнайы шақырылған. Ол – Дима Билан, Эльдар Гасимов, Никки Джамал сынды орындаушылардың хит әндерінің авторы.
Естеріңізге сала кетейік, бұл байқауға Қазақстан үшінші мәрте қатысып жатыр.
Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры:
– Қазылар алқасына оннан астам адам кірді. Оның ішіне «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, саундпродюсер Ерлан Бекчурин, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсер Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары – Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов.