Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы үшінші вакцина жасады
Ол елімізде ең алғашқылардың бірі болып короновирусқа қарсы вакцина салдыртқан. Екпені алмас бұрын мұқият саралап, зерттеген.
Қайсар Табынов – ҚазҰАУ жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі. Биыл жазда корновирусқа қарсы аустралиялық МФ-59 атты екпені салдыртты. Вакцина алмас бұрын денсаулығын скринингтік және биохимиялық толыққанды тексерістен өткізіп, дәрігердің келісімін алыпты.
Қайсар Табынов, Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі:
- Әлеуметтік желілерде «бұл кісі өзімен-өзі неге вакцина алып жатыр?» деген сияқты әртүрлі ой-пікір айтылды. Айтайын дегенім, бұл – сараланып жасалған шешім. Өйткені бұл вакцина ең алдымен, АҚШ мемлекетінде толығымен клиникаға дейінгі зерттеуден өтті. Екіншіден, осы вакцина қазіргі таңда толығымен бірінші фазадан Аустралия мемлекетінде өткізілді. Яғни Аустралия халқында тексерілген. Одан кейін мен алдым, ешқандай қорқыныш сезім болған жоқ.
Ғалым жетекшілік ететін орталықта суббірліктік вакцина дайындалды. Құрамындағы майлы адютант, яғни наноимульцияланған көмекші өнімді франциялық серіктестерден алған.
Алмас Садуақас, тілші:
- Корнонавирус індетіне қарсы отандық вакцина шығару ісі төрт айға жалғасты. Синтетикалық жолмен алынған емдік екпе қазір жануарлар ағзасында сынамадан өтіп жатыр. Вакцина оң нәтиже көрсеткен жағдайда авторлар оның клиникалық зерттеуін жалғастыруды көздейді.
Қайсар Табынов, Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі:
- Егер бұл вакцина адюанты біздің құрамда жақсы жұмыс істейтін болса, өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсететін болса, ендеше бұл вакцинаны практикаға енгізуге толық мүмкіндігіміз болады.
Ғалымның айтуынша, вакцинаны коронавируспен ауырмаған адамдардың алғаны абзал. Ал ауырып, жазылғандардың бойында табиғи иммунитет қалыптасып үлгереді. Дегенмен бұл өте қауіпті ауру болғандықтан, болашақта қалай құбыларын анықтау әзірге мүмкін емес. «Сондықтан елімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарына баса назар аударылып, вакцина шығарумен айналасытын зертханалар мен зауыттар ашу керек», – дейді ғалым.
Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев