«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлерге арналған онлайн дәріс өткізді
Спикер ретінде шақырту алғандардың бірі – Азат Сембинов. Ол – осы салада айтарлықтай жетістікке жеткен іскер. Қарамағында бір мыңға тарта адам жұмыс істейтіндігі біраз жайттан хабар береді. Айта кетейік, қазіргі кезең сұранысына сай мұның алдында ғана интернет бизнес төңірегінде пікір алысу өткен болатын. Келесі дәрісте осы интернет-кәсіпкерліктің болашағына болжам жасалады.
Азат Сембинов, кәсіпкер:
- Қатысушылардың арасында жастар көп. Олар 22-35 жастың аралығында. Кейс бойынша «интернет дүкенді қалай ашуға болады? Қандай тауарды таңдау керек? Алғашында не нәрсеге қарау керек?» деген секілді сұрақтарға жауап бердік.