Junior Eurovision 2020: Жас әншілер шеберлігін шыңдады
12 үміткер бақ сынайтын тартысты додаға небәрі төрт-ақ күн қалды. 26 қыркүйек күні Junior Eurovision 2020 халықаралық ән байқауында өнер көрсететін жас таланттың есімі белгілі болады. Мұндай ірі сайыста кез келген қатысушының қобалжитыны белгілі. Сондықтан балалар дауыстарын жаттықтырып қана қоймай, отандық әншілердің шеберлік сыныбына да қатысып жүр. Бұл жолы үміткерлер сұрағына «Topjarǵan» жобасының жеңімпазы Мәди Сыздықов жауап берді. Ол қатысушыларға ірі байқауларда үhейге бой алдырмай, ойдағыдай өнер көрсетудің жолдарын айтты. Еске сала кетейік, халықаралық ән байқауын «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Мәди Сыздықов, «Topjarǵan» жобасының жеңімпазы:
- Рас, тума таланттар көп. Енді қазақ жері таланттарға бай ғой. Осалы жоқ ішінде. Бәрі мықты. Өйткені 700 адамның ішінен іріктеліп шығудың өзі оңай емес. Алдағы уақытта бәріне жеңіс тілеймін.