Хабар телеарнасы

СҚО-да тағы 6 ауыл карантинге жабылады

Егер бұған дейін 11 ауыл карантинге жабылған болса, бүгін оған тағы 6 елді мекен қосылады. Шектеу шаралары Айыртау, Жамбыл, Қызылжар және Тимирязевский ауданына қарасты ауылдарды қамтиды. Бұл туралы облыстағы Ветеринария басқармасы хабарлап, тиісті қаулының дайын екенін және Әділет органдарында тіркеуден өтіп жатқанын да атап өтті.

Жалпы жеке фермалардағы өлген құстардың саны 13 мыңға жетіп отыр. Алайда арнайы комиссия құрылғанымен, өңірде өтемақы төлеу әлі басталған жоқ. Сондай-ақ құстарға да күзгі аң аулау маусымы тоқтатылуы мүмкін. Ал әкімдік бұл мәселе бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолдады.