Хабар телеарнасы

Junior Eurovision 2020: Ұлттық іріктеуге қатысушылар алғаш рет концерттік дайындық өткізді

Ұлттық іріктеуге 700-ден астам бала қатысқанын айта кетейік. Сыннан сүрінбей өткендері 26 қыркүйек күні «Хабар» арнасының тікелей эфирінен берілетін гала-концертте өнер көрсетеді. Жүзден жүйрік шыққан қатысушы қараша айының соңында Польша астанасы Варшавада өтетін халықаралық ән байқауында ел намысын қорғайды.