Шығыс Қазақстанға қар түсті
Сондай-ақ Риддер мен Қатонқарағай аймақтардағы тау бастары ақ мамыққа оранды. Тау ішінде метеобекеттер болмағандықтан, ол жақтағы қар қабатының қалыңдығы әзірге белгісіз.
Синоптиктердің айтуынша, бұл жағдай шығыс өлкесі үшін таңсық құбылыс емес. «Дегенмен, күн райының бұзулы әлі бірнеше күнге созылуы ықтимал», – дейді мамандар.