Жолдау жүктеген міндеттер
Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көрген олар білім беру ұйымдарының қызметіне баса назар аударды. Мәселен, медициналық университетте қашықтан оқыту ісі жолға қойылыпты. Оқу кабинеттерінің техникалық жабдықталуы көңілден шығады. Осындай оң үрдіс орта білім беру саласына да тән. «Мектепке келіп оқитын сыныптар санитарлық талаптарды бұлжытпай орындаса, онлайн мектептің де тиімді тұстары көп», – дейді ұстаздар.
Сенаторлар сонымен қатар Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан жедел жәрдем ауруханасының құрылысымен де танысты.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Денсаулық, пандемия жағдайында халықтың тұрмыс-тіршілігі және мынау екінші толқын келеді деген қауіп те айтылып жатыр ғой, соның алдын алу бағытында қандай әрекеттер жасауға болады, міне, осы мәселелердің барлығын өз көзімізбен көріп қайтайық деп келген болатынбыз.