Түркістанда «Ел аманаты» республикалық штабы құрылды
Ол тікелей халықпен жұмыс істейді. Штаб қызметкерлері мен волонтерлер тобы аудан-ауылды аралап, жазбаша және электронды бағытта ең өзекті 14 сұраққа жауап алып, халықтың ұсыныс-пікірін қабылдайды.
Бұдан бөлек, кез келген адам браузер, мессенджер арқылы сауалнамаға қатысып, өз ойын ұсына алады. «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы ел ішіндегі ең маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерді сауалнама арқылы айқындап, өз бағдарламасына енгізбек.
Асылхан Батыршаев, «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасы республикалық штабының жетекшісі
– Елмен қарым-қатынас жасай отырып, ел қандай аманатты біздің «Ауыл» партиясына тапсырады екен деп, соны анықтау үшін жасап отырған шаралар. Бұл – республикалық штаб. Барлық облыстармен байланыста болады. Әсіресе, интернетсіз шалғай ауылдарды аралаймыз. Әр ауданда біздің қызметкерлер жүреді. Барлық жерден ел аманатын жинаймыз. Сондықтан барша азаматтарды осы сауалнамаға қатыуға шақырамын.