Мәжілістегі «Халық коммунистері» фракциясының депутаттары зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді
Коммунистердің пікірінше бұл өзгеріс аға буынның өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ғана емес, пандемия кесірінен болып отырған экономикалық дағдарыс кезінде жұмыссыздықтың өсуін азайтып, еңбек нарығына оң әсер етпек. Еске сала кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда ерлер үші зейнеткерлік жас 63 жаста, әйелдер үшін 59,5 жастан басталады.
Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жыл басынан бері Қазақстанда 100 мыңнан астам адам өлімі тіркелді. Қайтыс болғандардың 71% – 60 жастан асқан азаматтар. Маусымдық аурулар кезінде коронавирустан өлім қаупі едәуір артады, бұл қосымша қауіпсіздік шараларын қажет етеді. Әсіресе 60 жастан асқан адамдар үшін қауіпті. «Халық коммунистері» фракциясы осы ретте азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады.