2021 жылы әлеуметтік әмиян қолданылады
Қазіргідей банктен есепшот ашудың қажеттілігі болмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, заманауи тәсіл ақшаны қолға ұстап жүруді қажет етпейді. Бұл әмиян әр адамның жеке сәйкестендіру номері бойынша автоматты түрде жасалады. Ал теңгеріміңізді, арнайы ұялы қосымша арқылы басқарасыз. Тауар алғанда QR кодты қолданып, есеп айырысуға болады. Бастысы ол үшін комиссиялық төлем алынбайды.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
– Төлемдер сіздің әмияныңызға аударылып отырады. Азаматтардың осы төлемдерінің сақталуы жағынан бұл жерде Ұлттық банктің электрондық ақшасы пайдаланылатын болады. Бұл жағдай банктердің жағдайына байланысты құлдырауына немесе банкротқа ұшырауынан сіздердің ақшаларыңызды сақтап қалудың да бір әрекеті.