Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі
Қыркүйек айында індетке ешкім шалдықпаған болса, соңғы 12 күнде 20 адамның вирус жұқтырғаны анықталып отыр. Сондықтан тамақтану орындары мен дәмханалардың және ірі супермаркеттердің жұмысы 21:00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Спорт нысандары, фитнес орталықтары мен жаттығу залдары екі аптаға жабылады. Ал азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16:00-ге дейін қысқарады. Мешіттер мен құлшылық орындарының жұмысына да шектеу қойылып отыр. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.
Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері:
- Тамақтану орындары сағат 21:00-ге дейін шектеліп, 30 орынға дейін рұқсат берілді. Мұның бәрі қазан айының басындағы облыс көлемінде COVID-19 ауруының тіркелуіне байланысты қолға алынып отыр. Бүгінгі таңда қыркүйектің бірінші онкүндігіндегі көрсеткіштің көбеюіне байланысты халықтың ортасында қарым-қатынасты тоқтату үшін осындай шешім қабылдадық.