Beeline тұтынушыларына ыңғайлы қызметтер ұсынып отыр
Ондағы мамандар көптеген қосымша әзірлеп, ел игілігіне енгізді. Сондықтан ақпараттық технологияның тетігін меңгерген мықтыларға инвестиция құйып, әрі қарай жетілуіне мүмкіндік жасалып жатыр. «Бұл шетел маманына телмірмей, отандық өнімнің өркендеуіне септігін тигізеді», – дейді компания өкілдері.
Елде ұялы байланыс оператоларының арасында жетекші орынды алатын – Beeline компаниясы. Бүгінде компания ІТ салаға да бет бұрып отыр. Өздері тыңнан қосымшалар ойлап тауып, тұтынушыларға ыңғайлы қызметтер ұсынып отыр. Солардың бірі «Мой Beeline» деп аталады.
Руслан Ганущенко, «Мой Beeline» қосымшасының менеджері:
- Бұл қосымшаның жұмыс істеп тұрғанына бір жыл болды. Осы аралықта 3 млн пайдаланушы тиімділігін көрді. Ал ай сайын 1,5 млн адам қолданады. Бұл қосымшамен сіз түрлі төлем жасай аласыз, қолданылмаған минуттарды гигабайттарға ауыстыруға болады. Өзге операторларға 5 мың теңгеге дейін тегін бірлік салу мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ «Мой Beeline» қосымшасы сіздің коронавирусты жұқтыру қаупі қаншалықты жоғары екендігін де анықтай алады екен. Компания мұнымен тоқтамақ емес. Өздері бағдарламалар жазып, түрлі қосымшаларды іске қосуда. Менеджерлер ішкі стартаптардың барлығын Demo Day іс-шарасында таныстырды.
Евгений Настрадин, Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры:
- Біз сервистерді шетелдерден сатып алмаймыз. Қазіргі таңда ІТ таланттарға инвестиция құйып жатырмыз. Соның жемісі – өзіміздің ішкі өнімдер. Оларды ең әуелі өз қызметкерлерімізге немесе келген қонақтарға осындай іс-шаралар арқылы таныстырамыз.
Жалпы Beeline компаниясының өздері өндірген 30-дан астам қосымшасы бар екен.