Праймеризге қатысқан кандидаттардан 1157 ұсыныс түсті
Осыған байланысты жергілікті билік кеншілерге басқа жұмыс іздестіруді бастады. Механизмнің ауыртпалықсыз өту барысын Nur Otan партиясы қадағалайды. Бұл туралы өңірге ат басын тіреген партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты.
Арқалықта партияішілік праймеризде кандидаттардан 117 нақты ұсыныс келіп түскен. Онда негізінен әлеуметтік мәселелер көтерілді. Ұялы байланыс пен интернет жылдамдығының сапасына да халық наразы. Бұл проблема 13 елді мекенге тән. Бауыржан Байбек тұрғындармен кездесіп, бірқатар түйткілді мәселені тыңдады. Партия өтірік уәде бере алмайтынын, сөзден нақты іске көшетін уақыт келгенін баса айтты.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Партия билеуші күш ретінде әділ, таза, ашық халықпен бірге болу керек. Халықпен жақын екенімізді көрсетуіміз керек. Халықтың мұң-мұқтажын біліп, сөзін сөйлеуіміз керек. Сонда халық бізге сенеді.
Қаланы жылумен қамтитын орталық келер жылы мазуттан көмірге көшіріледі. Бұл әдіс жыл сайын 2 млрд теңгеге дейін бюджет қаражатын үнемдейді. Жобаны аяқтау міндеті де партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Құжат Арқалық өңірлік аурухана ұжымымен болған кездесуде талқыланды. Жақында Мемлекет басшысы пандемияның екінші толқыны болғанда негізгі ауыртпалық тағы да дәрігерлерге түсетінін атап өткен. Оның тапсырмасы бойынша екінші жартыжылдықта төлемақыға 150 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Төлем бойынша мәселені партия бұған дейін де көтерген. Комиссия құрылды. Дәрігерлерге дәлелдеу қажет болды. Ақыр соңында көбі төлемсіз қалды. Адамдар өмірлерін қауіп-қатерге тікті ғой.
Садчиков ауылында аймақтағы ірі агрохолдингтің бастауыш партия ұйымымен кездесуі өтті. Бизнестің ауыл тұрғындарын қолдаудағы өзектілігі сөз болды.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- «Мықты кәсіпкер – ауқатты ауыл» деген ұранды ұстану қажетпіз. Демек, ауыл тұрғындарына жағдай жасау маңызды. Қазір қазақстандықтардың 42% ауылды жерлерде тұрады.
Тұрғындар болса өздерін толғандырған мәселелерін айтып қалды.
Тамара Киселева, Садчиков ауылының тұрғыны:
- Орталық көшелереміз жөндеуді қажет етеді. Ол жермен балалар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар жүреді. Мүмкіндік болса, көшелерді жөндеу ісі сайлауалды бағдарламаға енгізілсе дейміз.
Ал бұл – Қостанайдағы кездесу. Бауыржан Байбекпен болған кездесуде коғам және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері партияның облыстық сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын белгіледі.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Праймериз барысында Қостанай облысы белсенділер қатарында болды. Әсіресе әйелдер қауымын ерекше атап өткім келеді. Олардың үлесі 43%. Жастардың қатысқаны да қуантады.
Сапар соңында Nur Otan партия төрғасының бірінші орынбасары 200 орындық модульді инфекциялық ауруханасының жай-күйімен танысты. Орталықтың іргетасы жазда қаланған. Мердігер барлық құрылыс жұмысын осы айда аяқтауды жоспарлайды.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг