Бектенов: Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды
Бірыңғай уақыт белдеуі туралы шешім өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды. Өзгеріске ағза біртіндеп үйренеді.
Премьер-министр Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, еңбек ұжымдарымен кездесу кезінде осылай деді. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, 6-шы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеген. Ал 5-ші белдеуге өткенде тұрмыстық процестер жеңілдеді. Олжас Бектенов өз кезегінде табиғи уақыттың тұрғындар денсаулығына және әл-ауқатына оң әсері туралы ғылыми дәлелденгеніне назар аударды. Сондай-ақ ол UTC+5 арқылы уақытты күн цикліне сәйкес келтірілген, - дейді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Қазір бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ ағза бірітіндеп үйренеді. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешеміз.