«Халық үні» жобасы арқылы тегін кеңес беріледі
Бұл – жер-жердегі қарашаға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге арналған жаңа жоба. Оның жұмысын құрамында заңгер, кәсіпкер, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құралған белсенділер жүргізеді.
Ұйымдастырушылар бүгін өз жоспарларымен бөлісті. Жақын күндері арнайы топ Шығыс Қазақстан облысына бармақ. Келесі де өзге өңірлер де қамтылады. «Халық үні» жобасы негізінен қызмет пен әлеуметтік төлемді алу жолдарын түсіндіруге басымдық береді.
Мамандар өзге сауалдарды да қарастырып, тегін кеңес беруге дайын екендіктерін айтады.
Айман Омарова, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, құқық қорғаушы:
– Қараша халыққа әлеуметтік желілер арқылы да, тікелей де жақындау жолын іздейміз. Мәселен, Instagram, тағы басқа әлеуметтік желілерде кестеге сәйкес белгіленген уақыттарда тікелей эфирлер өткізуді, тақырыптық бейнероликтер көрсету арқылы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жөн деп санаймыз.