Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізіп, осындай тапсырма берді.
Мемлекеттік хатшы Президенттің жемқорлықпен күресті күшейту туралы тапсырмасын айта келе, бұл реттегі міндеттерді еске салды. Олар – корпоративтік басқаруды жақсарту, шығындарды азайту, еншілес компаниялар мен штаттық санды қысқарту және мейлінше ашық жұмыс жүргізу.
Сондай-ақ отырыста Есеп комитеті жүргізген аудиторлық тексерулердің нәтижелері талқыланды. Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев нақты тапсырмалар берді.