Таразда нан бағасы қайта арзандайтын болды
Естеріңізде болса, өткен демалыс күндері әлеуметтік нан бағасының күрт көтеріліп, 95 теңгеге жеткені туралы арнамыздан хабарлаған болатынбыз. Осыған қатысты өңірде мобильді топ құрылып, нарыққа зерделеу жүргізілді. Бағаны негізсіз көтерген наубайханалар анықталып, қатаң ескерту берілді және бағасы төмендетілген 100 тонна ұнмен қамтылды. Жыл соңына дейін қосымша тағы 2300 тонна ұн 110 теңгеден бөлінбек. Осы арқылы бағаны тұрақты ұстап тұру көзделіп отыр.