Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті
Жалпы «Болашақ» бағдарламасы бойынша биылғы жылдың алғашқы конкурстық іріктеуінің қорытындысы бойынша 106 стипендия тағайындалған. Ал екінші кезең 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өткен еді.
Бүгін комиссияның қарауына 59 үміткерге стипендия тағайындау бойынша ұсыныс берілді. Отырыс қорытындысы бойынша 57 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.
Жалпы биыл 555 стипендия бөлінген болатын. Ал екі конкурстық іріктеудің қорытындысы бойынша 163 үміткер таңдалып алынды.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
– Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен қабылданған «Болашақ» бағдарламасы еліміздің адами капиталды дамыту саласында серпінді жоба болып табылады. Шетелдердегі рейтингі жоғары білім беру мекемелерінде білім алу – көптеген қазақстандықтарға өздерінің кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін арттыруға айрықша мүмкіндік беретіні сөзсіз.