Үкімет басшысының төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті
Қазір Қазақстанның бірқатар өңірінде вирус жұқтырғандардың саны өсуде. Өсу қарқыны – 0,4 процент. Инфекциялық төсек-орындары – 22 процентке, реанимациялық орындар 18 процентке жүктелген. Бір ай ішінде вирус таралуының ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында байқалады. Енді ведомствоаралық комиссия қабылдаған бірқатар шешімдерге тоқталсақ, Түркияға қатынайтын әуе рейстері 9 қарашадан бастап аптасына 33-тен, 20-ға дейін қысқарту, 57 елдің азаматтары келер жылдың 1 мамырына дейін виза режимін енгізу сияқты Қытай мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ел аумағында 72 сағат визасыз болуын тоқтата тұру, 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту бойынша шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері және де Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын, шетелдіктер енді мемлекеттік шекараны 90 тәулікте 1 реттен артық кесіп өте алмайды.
Отырыс барысында Үкімет басшысы бизнес субъектілері мен халықтың шектеу шаралары, карантин режимін сақтауын, бақылау жөніндегі мониторингтік топтар қызметінің тиімділігін арттыруды тапсырды.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:
– Қазіргі таңда әлемде вирустың таралуына байланысты жағдай өте күрделі болып тұр. Елімізде бірнеше өңірлерде вирусты жұқтырғандардың саны өсуде. Сондықтан өңірлерде карантиндік шараларды күшейту және жалпы елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауға алу, вирустың таралуына жол бермеу аса маңызды міндет болып табылады.