Эпидахуалы нашарлаған өңірлерде бақылау күшейтілді
Олар Қызылорда – Павлодар тасжолының Молодежный кенті, Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылы мен Қарқаралы ауданының Кентөбе елді мекені маңында орналасқан. Бекеттерден өткізу талаптары күшейтілген. Жүк көліктері мен транзиттік көліктер, дәрігерлер мен арнайы қызмет өкілдерінен өзге облыс шекарасына кірушілер алдын ала propusk.kz сайтына тіркелуі тиіс.
Темірлан Тіканов, учаскелік инспектор:
- Бұл жол республикалық маңызы бар болғандықтан, мұнда көлік ағыны жоғары. Тәулігіне 150-200 көлік келеді. Барлығын мұқият тексеріп жатырмыз. Кешеден бері ешқандай құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Негізі адамдардың көбі қазіргі жағдайға бейімделе бастаған.