Дәрі-дәрмек бағасына интервенция жүргізілетін болады
Енді медициналық препарат бағасы шарықтаса, интервенция жүргізіледі. Мұндай құзірет «СК Фармацияға» беріледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы мәселе көтерілді. Яғни бірыңғай дистрибьютер дәрі-дәрмек нарығына ықпал ету арқылы бағаны реттейтін болады. Мұндай шара тек карантин кезінде қабылданады.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясын емдеуге қатысты препараттарға ғана қатысты қолданылады. Бұдан бөлек, созылмалы ауруларға шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған іс-шара жөнінде де айтылды.
Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:
– Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезінде рецептіні қағаз түрінде жазып беруге мүмкіндік болмаса, электрондық түрде рецепт жазуға, не пациент, не дәрігердің тегі мен аты-жөнін электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, дәрігердің жұмыс орнын көрсете отырып, электрондық түрде тағайындауға жол беріледі.