Полиция халыққа жақындай түсті
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Жұртқа жақын полиция» қағидатына сәйкес өңірдегі учаскелік инспекторлардың құрамы 22 адамға көбейтілді. Оларға қосымша 12 жаңа қызмет көлігі де берілді. Халықпен үнемі байланыста болу үшін 200-ден астам инспекторға тегін хабарласа алатын ұялы байланыс құралы сатып алынды. «Қазір біздің міндетіміз – тұрғындардың арыз-шағымын қабылдап қана қоймай, оның дұрыс және әділ шешілуіне барынша ықпал ету», – дейді еліміздің үздік учаскелік инспекторларының бірі Ерлан Абдулманов.
Ерлан Абдулманов, аға учаскелік инспектор:
- Біз қарапайым тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеуіміз керек. Олардың тұрмыс жағдайына, жеке басына қатысты мәселелердің барлығын түбегейлі шешуге тырысу қажет. Егер ол мәселелер біздің құзырымызға кірмейтін болса, мемлекеттік мекемелерді араластырып, әр адамның өтініш-тілегі аяқсыз қалмауын қадағалау міндет.