Атырауда жер кезегі жылжымай тұр
Оның 89 мыңы Атырау қаласына тиеслі. Жалпы биыл облыста 3 516 жер учаскесін беру жоспарланса, оның бар болғаны 919-ы ғана пайдалануға беріліпті. Түйткілді проблеманың түйінін тарқату мақсатында «Интегро» автоматтандырылған ақпараттық компаниясымен бірге жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне тұрған кезекке электрондық база жасақталған болатын. Бірақ ол жүйе тек Атырау қаласы мен Жылыой және Қызылқоға аудандарында ғана жұмыс істеп тұр.
Әлібек Ермекқали, облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Жер кодексі талаптарына сәйкес Қазақстан азаматтарына жер телімдерін беру үшін инфрақұрылым жүргізу қажет. Сол дайын болған жағдайда ғана кезек кезең-кезеңімен жүреді. Қазіргі таңда Зарослый, Дамбы, Атырау елді мекендері маңынан жер телімдері дайындалып, беру жоспарланған. 2004 – 2005 жылдағы кезек толығымен аяқталғаннан кейін, желтоқсан немесе қаңтар айында 2006 жылғы жердің кезегі ашылатын болады.