Қызылорда облысындағы бас су торабы қайта жаңғыртылады
Өңір еңбеккерлері алдағы он жыл көлемінде алқапты 332 мың гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы ретте апатты деп танылған бас су торабын қайта жаңғыртуға 3 млрд теңге шамасында қаржы жұмсалмақ. 60 жылдан астам уақыт үздіксіз қызмет еткен гидронысанға мүлдем жөндеу жұмыстары қолға алынбаған. Оған жүргізілген зерттеу нәтижесімен су өткізгіш құрылғыларының тозығы жеткені анықталды. Қазіргі таңда отандық компания тораптың тармақтарын жөндеуді бастап кетті. Құрылыс үш жылға созылмақ.
Жорабек Нұрымбетов, «Қазсушар» РМК өндірістік учаске басшысы:
- Қызылорда қаласы Сырдария, Жалағаш және Қармақшы ауданының егістіктеріне су беріп тұрады. Оның ішінде бірнеше тармағы бар. Шамамен 100-110 ішкі каналы бар. Сол арқылы егістікке жеткізіледі. Ал оң тармақ бойында да 6-7 канал бар. Осы үлкен бөгет солардың барлығының жұмысын реттеп отыр.
Хамит Бейімбетов, «Қазсушар» РМК филиал директоры:
- 2021 жылға 2 млрд 100 млн теңгенің жұмыстары, ал 2022 жылға 710 млн тг сомасы қаралып тұр. 481 млн теңгенің күрделі жұмыстарын биыл бітіру керек.