Қызылорда облысында балық қоры көбейеді
Арал теңізі тартылып, тұздылығы артып барады. Бұл балықтың көбеюіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан Сыр өңірінде балық өсіру тоғандарын көбейту қолға алынды.
Биыл аймақта 14 тоған іске қосылды. Осылайша өңірде тауарлы балық өсірумен айналысатын кәсіпкерлік нысандарының саны 90-ға жетті. Төрт жыл бұрын аталған тоғандардан жылына 176 тонна су маржаны сүзілсе, былтыр бұл көрсеткіш 876 тоннаға жетті.
Балық жеміне жұмсалған шығынның 30% мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Жалпы өңірде Арал теңізінен бөлек, 201 көл бар. Аймақта 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр.
Серік Сермағамбетов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
- Балықшылар жылына лемит бойынша 7,5 мың тонна аулау бектілген болса, соның былтырғы жылы 7,2 тоннасын аулаған болатын. Оның 43% экспортталып отыр, 13 шетел мемлекеттеріне.