Шымкентте қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдарынан оқыс оқиға болды
Қауіпсіздікті елемегеннің салдарынан Шымкенттегі Қаратау ауданына қарасты Қайнар бұлақ саяжайындағы жеке тұрғын үйдің ас бөлмесінде газ шығып, жарылыс болды. Оқыс оқиғадан 1983 жылы туған азаматтың денесін 60-65% күйік шалып, ауруханаға түскен. Үйдің ауласында орналасқан 3 тонналы газ толтырылған резервуардан асхана бөлмесіне тартылған. Тұрғын үйдің иесі оны ағымдағы жылдың қазан айында өз бетінше орнатқан екен. Ешқандай жобалық-сметалық құжаттары жоқ. Газ сақталған резервуар үйден не бары 30 метр арқашықтықта жердің үстінде орналастырыпты.
Мадияр Жақсыбаев, қалалық Төтенше жағдайлар департамені басшысының орынбасары
– Газ сақтайтын резуардан труба өткен. Ол труба асханасының бөлмесіне өтіп, салдарынан асхана ішіндегі кейбір труба тесіктері арасынан газ шығып, салдарынан хлопок болып, ер азамат жарақат алды. Қарапайым техникалық қауіпсіздікті сақтамау салдарынан бізде тұрғындар табиғи газдан улануда. Қала аумағында 9 оқиға орын алды. Салдарынан 10 адам қайтыс болған. 2-3 адам жарақат алған. Бұл табиғи газдың улану фактілері.
Мұхит Досыбаев, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бөлім меңгерушісі
– Түскен кездегі науқастың жағдайы өте ауыр болды. Күйік шогына байланысты науқас бірден қабылдау бөлімінен жансақтау бөліміне жатқызылды. Диагнозы термиялық ожок 2-3 ші дәрежелі. Денесінің 60% күйік шалған.