Шымкентте автогаз тапшы
Салдарынан қаладағы газ сататын жанармай бекетінің көбі жабық тұр. Кейбір стансаларда сұйытылған газ талонмен сатылып жатыр. Көлік жүргізушілері сағаттап кезек күтуге мәжбүр.
Ішкі нарықтың тұрақсыздығына жанармай бекеттерінің иелері де наразы. Сұйық отын келісім бойынша мерзімінде жеткізілмеген. Сондықтан «Жанар-жағармай» қауымдастығының өкілдері қоғамдық кеңес құрып, бақылауды күшейтуді сұрап отыр.
Қайыпбек Қамбаров, «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы:
- Кәсіпкерлердің айтуынша, қазір сұйытылған газ мүлде жеткізіліп жатқан жоқ. Менің ойымша бар мәселе – бақылаудың жоқтығында. Сондықтан автогаз бен мұнай өнімдерін таратуға салалық ұйымдарды да тартып, қоғамдық кеңес құруды ұсынамыз.