Атыраулық егіншілерге жаздағы шығындары үшін мемлекеттен субсидия төлене бастады
Мемлекет көмегіне сүйенген қожалықтар егіс көлемін жылдан-жылға ұлғайтуға мүмкіндік алып отыр. Облыстағы егін шаруашылығымен айналысатын 307 құрылым 9300 гектар алқапқа тұқым сеуіп, 73 миллиард теңгенің өнімін жинапты. Соның ішінде биыл картоп дақылына басымдық берілген. Климаты құрғақ, суы тапшы өңірде егіннен мол өнім алу күрделі мәселе екені анық. Сондықтан шаруалар тамшылатып суару әдісін өндіріске енгізуде. Ал мемлекет суға 85 процент тыңайтқыш пен тұқымға 50 процентті субсидиялап отыр.
Қайрат Нұрлыбаев, облыстық Ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:
– Төрт түрлі субсидия беріліп отыр. Ол тұқым шаруашылығын қолдауға, гербцид пен биопрепараттарды қолдануға жеңілдік, су жеткізу қызметіне жеңілдік және минералды тыңайтқыштар алғаны үшін жеңілдік көрсетіледі. Он айдың қорытындысымен 216 миллион теңгесі игерілді. Жылдың аяғына дейін қалған сома толық игеріледі.