Хабар телеарнасы

Junior Eurovision 2020: Қарақат Башанова ІІ орын алды

Коронавирус пандемиясына байланысты Junior Eurovision 2020 финалы қатысушы елдерде телекөпір арқылы өтті.

Телекөрермен мен әділ қазылар алқасының дауыс беруі бойынша Қарақат 152 ұпай жинады. Нәтижесінде Қазақстан жүлделі екінші орыннан көрінді. Ал бірінші орынды 200 ұпай жинаған Франция иеленді. Үздік үштікті 133 ұпай жинаған Испания қорытындылады.

Жерлесіміз Қарақат Forever әнін орындаған болатын. Биыл бұл байқауға 12 орындаушы қатысты. Қазақстан халықаралық жобаға осымен үшінші рет қатысып отыр.