Волентерлер «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды
Осыған орай волентерлер «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілін көтерді. Қайырымдылықтың озық үлгісін көрсетіп жүрген азаматтар жарымжан жандарға жылулық сыйлағаны сөзсіз.
Риат Шони, тілші:
– Атаулы күнге орай бүгін «Клуб добряков» волонтерлер ұйымы мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сияпат алып келді. Осындағы 30-ға жуық адамға азық-түлік себеттері мен басқа да тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Ал мекемеде қызмет ететіндер шағын концерттік бағдаралама ұсынды.
Кәмшат Бақтығалиева, волонтер:
– Біз әрдайым осында келіп түрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты түрде көмектесіп келеміз. Бүгін атаулы күнге орай құр қол келмей, азық-түлік себеттері мен кішігірім сыйлықтар ала келдік.
Жалпы бұл мекемеде 301 адам қызмет алады. Оның 120-сы түрлі топтағы мүгедек жандар. Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанда 704 мың мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бұл азаматтар үшін әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіру, түрлі қызметтерді пайдалану сынды мәселелер өте өзекті болып тұр. Өйткені бүгінде қала ішінде қатынайтын 10 мыңнан астам автобустың 30 проценті ғана тиісті талапқа сай келеді. Вокзалдарда да мүгедек жандар өздерін қолайлы сезіне алмайды. Бұл мәселені енді Үкімет алдағы екі жыл ішінде шешуді жоспарлап отыр.
Авторлары: Риат Шони, Таир Мерекенов