Маңғыстауда жолаушының жоғалтқан 4 млн теңгесі иесіне қайтарылды
Асқар Жоланов Шымкенттегі пәтерін сатып, Маңғыстау өңірінен үй алуды көздейді. Ал ақшаның бір бөлігін баласының еміне жұмсамақ болған. Таңға жуық «Алматы-Маңғыстау» пойызынан түскен бойда жүгін перонға жиыстырып, асығып жүргенде қол сөмкені, көлікке салуды ұмытып кеткен. Қыруар қаржы салынған сөмкенің жоқтығын үйіне жеткенде ғана байқапты. Бірден Желілік полиция бөлімшесіне хабарласып, арыз жазған. Жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оның жеке мүлкі табылды.
Жұпар Сейдатуллаева, ақшасы табылған жолаушы Жолановтың әйелі
– Бес күн қиналдым. Бес күнде де осы жерде жүрдім. Осылар мені басады, жұбатады. «Апа уайымдамаңыз, жыламаңызшы, балаларыңызды ойлаңызшы. Табылады» – деп басу айтатын. Тауып бердім деген күні көрсеңіздер мені. Полицияларға тек ақ жол деймін. Жақсылықтары Алладан қайтсын.