БҚО-да ұшақтар енді ауылдық жерлерге де қатынайды
Қазір техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптамадан өтуде. «Жоба жүзеге асырылса, облыстың шалғайда жатқан оңтүстік-батыс аудандарын дамытуға оң ықпал етеді», – дейді сала басшысы. Әсіресе тұңғыштар мекені саналатын Нарын өлкесінде туризмді түлетуге жол ашылмақ.
Сонымен қатар қазір Оралдағы әуежай терминалы қайта жаңғыртылып жатыр. Жарты ғасыр бұрын бой көтерген ғимарат әбден ескірген еді. Енді нысан жөнделіп қана қоймай, аумағы 2 есеге ұлғайтылады. Құрылыс келер жылы аяқталады деп күтілуде. Жобаға 2 миллиард теңгедей қаражат бағытталған.
Қазбек Менеев, БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
– Біздерде енді Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларынан ұшақтар ұшып келіп жатыр. Аэропортымыз күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Біткесін жаңа бағыттар қосылады деген үміттеміз.