Волонтерлік – жан қалауым: Шымкенттік студент жалғызбасты аналарға көмектесуде
Жастардың басын қосып, игі істерге ұйытқы болып жүрген волонтердің еңбегін көпбалалы жалғызбасты аналар ұмытпасы анық. Халиданың өзі де көпбалалы отбасында дүниеге келген. Қазір Шымкенттегі Медициналық академияның 3-курсында оқиды. Болашақ фармацевттің волонтерлық жолы университет қабырғасынан басталыпты. Ол үш бағытын қатар алып жүр. Әлеуметтік, медициналық көмек және эко-волонтерлық. Халида қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша балаларды қорғау қорында және халықаралық волонтерлер желісінде еңбек етеді.
Халида Шер Мухаммад, волонтер:
- Волонтер – мен үшін өз қалауыммен, шын жүректен бір игі іс үшін жұмыс жасайтын адам. Волонтер болу – менің өз қалауым. Еріктілікке келудегі негізгі мақсат өзімнің адами қасиеттерімді таныта алу болды. Жалпы белсенді өмір мен студенттік өмірді бірге алып жүру, керісінше, бізге уақытты тиімді пайдалануға үйрететін нәрсе болып табылады.