Қазақстандық IT мамандар әлемде баламасы жоқ мобильді қосымша ойлап тапты
Яғни сдеп аталатын қосымшаға кіріп, серіктес дүкендерден кез келген тауарға электронды сертификат сатып ала аласыз. Кейін оны жақыныңызға мессенджер арқылы жолдауға болады. Сертификаттың мерзімі шексіз.
Жоба авторларының айтуынша, бұл уақытты үнемдеуде үлкен септігін тигізеді. Өйткені сыйлық алу үшін қаланың бір шетінен, екінші шетіне барудың қажеті жоқ.
Айта кету керек, Sagi мобильді қосымшасы қазірдің өзінде 260 мың доллар инвестиция тартқан.
Жақсылық Есілбаев, жоба авторы:
– Сыйлық жіберген кезде міндетті түрде мен қалаған сыйлық болу керек. Өйткені өз басым мысалы. маған жіберген кезде бұл зат бар ғой менде немесе өлшемі келмей қалды дегендер болады. Sagi мобильді қосымшасында қалаған сыйлықтардың тізімі болуы керек. Мысалы, Жаңа жыл бар келе жатқан, туған күнім бар дегендей. Мен Sagi мобильді қосымшасының ішінде толтырып қоямын. Маған сыйлық жасайтын адам қарайды маған не ұнайтынын. Соны таңдап, жібере алады.