Хабар телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

«Осы жылдар ішінде Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып, биік белестерді бағындырды. Біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, еліміздің ұлы тарихын жалғастырып жатырмыз. Елдігімізді нығайтып, әлемдік қоғамдастық мойындаған іргелі мемлекетке айналдық», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы шара барысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі Данияр Ақышевқа, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы Ардақ Әшімбекұлы мен басқа да елеулі еңбегі сіңген азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы:

- Осы жылдар ішінде Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып, биік белестерді бағындырды. Біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, еліміздің ұлы тарихын жалғастырып жатырмыз. Елдігімізді нығайтып, әлемдік қоғамдастық мойындаған іргелі мемлекетке айналдық. Қазақстанның өркендеуі мен ел игілігі – сіздер үшін ең маңызды дүние. Бұл марапаттар – ел дамуына сіңген ерен еңбектің жемісі. Баршаңызды осы жоғары мемлекеттік наградалармен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бақ-береке мен табыс тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, мемлекетіміз өркендей берсін!