Петропавлда емхана құрылысы кешеуілдеп тұр
Алайда бүгінгі күні ғимараттың бірінші қабаты да бой көтермеген. Жұмыстар кестеден ауытқып, қазір кешеуілдеп жатыр. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша жергілікті қазынадан қаржының уақытылы бөлінбеуі жұмыстарды тежеп тұр. Жалпы бұл учаскедегі құрылыс биыл мамыр айында басталған болатын. Емхана тәулігіне 250 адамды қабылдай алады. Жалпы аумағы 7700 шаршы метрден асады. Енді оның мерзімі 2021 жылға шегерілді.
Серік Мухамедиев, облыстық Құрылыс басқармасының басшысы:
- Жоба 2018 жылы әзірленіп, мақұлданған. Жалпы құны 2 млрд теңге. Биыл оның тек 700 млн-ы ғана бөлінді. Мердігер компания кестеден аздап кешігіп жатыр. Бірақ жыл соңына дейін жағдай дұрысталуы тиіс. Оның үстіне біз қазір сапаға баса назар аударып отырмыз. Сәтін салса, емхана тамыз айында тапсыруды жоспарлап отыр.