Ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағандар түрмеден мерзімнен бұрын босатылмайды
Тек осал әлеуметтік топқа кіретіндер және шығынды толық өтегендер мерзімнен бұрын босатылуы мүмкін. Жалпы 2018 жылдан бері елімізде 110 сотталушы мерзімнен бұрын шартты түрде босатылған. Оның 74-і – ауыр, 14-і аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағандар. Сондай-ақ бұдан былай мемлекеттік қызметкерлер мен Парламент депутаттары және судьяларға шетелде шот ашуға тыйым салынды.
Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
- Егер мемлекеттік қызметкердің бұрын ашылған шетелдегі банктерде шот бар болса, оларды жабу керек болады. Өйткені заң қабылданды. Егер шоттарды жапқысы келмесе, ол мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуге құқылы.